Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістан облысында таудан құлаған адамды іздестіріп жатыр

Түркістан облысында таудан құлаған адамды іздестіріп жатыр
Фото: pixabay.com

3 шілдеде Сайрам-Өгем ұлттық табиғи паркінің аумағында 3 адамнан тұратын топ теңіз деңгейінен 4236 метр биіктікте орналасқан Сайрам шыңына шықты. 1967 жылы туған ер адам таудың басынан түсіп келе жатқанда арқан үзіліп, турист мұз бойымен домалап, еңіске құлады деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 5 шілдеде ауа-райының қолайсыздығына байланысты іздестіру жұмыстарын жаяу жүру арқылы да, авиатехниканы тартумен де жүргізуге мүмкіндік болмады.Хабарлама келіп түскен сәттен бастап Қасқасу кемпингінде Түркістан облысы полиция департаменті, жергілікті атқарушы органдар мен ТЖД, Шымкент қаласы Альпинизм және спорттық туризм федерациясы қызметкерлерінен штаб ұйымдастыру бойынша шаралар қабылданды.

6 шілдеде таңғы сағат 6.30-дан бастап ТЖД Жедел-құтқару жасағының 8 құтқарушысы және альпинизм федерациясынан 4 альпинист іздеу жұмыстарына жіберілді.

Құрылған штабтан оқиға орнына дейінгі жалпы арақашықтық 15 км құрайды. Тау шатқалдарының тік орналасуына және табиғи кедергілердің көп болуына байланысты құтқару-іздестіру жұмыстары созылуы мүмкін.

Іздестіру жұмыстарына қосымша Сайрам-Өгем ұлттық паркінің орманшыларынан ат патрульдері тартылатын болады.

Құтқарушылар альпинисттік құрал-саймандармен, спутниктік телефондармен, радиобайланыс құралдарымен және 3 тәулікке жететін азық-түлікпен қамтамасыз етілді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді