Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Еліміздің оңтүстік өңірінде жеңіл өнеркәсіпке инвестиция тартудың жолдары қарастырылды

Еліміздің оңтүстік өңірінде жеңіл өнеркәсіпке инвестиция тартудың жолдары қарастырылды
Фото: ҚР ИИДМ баспасөз қызметі

Қазақстан-Өзбекстан ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның XX отырысы аясында бірлескен жобаларды қолдауға байланысты жеңіл өнеркәсіпті дамытудың бағдарламасын әзірлеу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Таяуда жоғарыда аталған бағдарламаны әзірлеу мақсатында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Шымкент қаласы мен Түркістан облысының әкімдіктері және қаржы институттарымен бірлесіп, өзбекстандық делегациямен кездесу өткізді. Оның құрамында ӨР Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігінің, «Узчармсаноат», «Узтекстильпром» қауымдастықтарының, сондай-ақ 50-ден астам кәсіпорынның өкілдері болды.

Кездесуде мемлекеттік органдардың өкілдері мен қаржы институттары Қазақстандағы инвестициялық ахуалға қатысты тың мәліметтерді жеткізді. Бұған қоса бауырлас елдің іскер азаматтары «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы мен «Түркістан» индустриялық аймағын, сонымен бірге мақта өңдейтін, иірілген жіп пен мата өндіретін, кілем бұйымдары мен аяқ киім шығаратын кәсіпорындарды (Azala Textile ЖШС, «Бал Текстиль» ЖШС, «СП «Lux Shoes» ЖШС, «Барс» ЖШС, «СП «Turkestan textile» ЖШС) аралап шықты.

Сонымен қатар екі елдің кәсіпорындар үшін B2B, B2G форматтарына сәйкес кездесулер ұйымдастырылып, оның барысында Шымкент пен Түркістан облысының инвестициялық әлеуеті таныстырылды. Тараптар ірі қараның терісін өңдеу, мақтаны дайын өнімге дейін терең өңдеу бойынша бірлескен жобаларды құру мүмкіндіктерін қарастырды.

«Жеңіл өнеркәсіп саласындағы өндіріс қуатын арттырып, терең өңдеуге көшуді көздейтін көрсеткіштерімізді жақсартуға бағытталған өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға мүдделіміз», деді ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары Олжас Сапарбеков.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді