Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте мешіттегі ұстаз балаларды ұрған

Шымкентте мешіттегі ұстаз балаларды ұрған
Фото: © egovpress

Шымкент қаласындағы мешітте ұстаз жеті және тоғыз жастағы екі балаға күш қолданған. Қазнетте жантүршігерлік видео тарады, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.  

Видеода балалардың арқаларында соққы іздері, көгерген және қан бар екені көрінеді. Кәмелетке толмағандар аят пен хадис жаттамағандықтан дін қызметкерінен таяқ жеген.  Алайда бұл нұсқаны Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жоққа шығарды. Ведомствоның баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлының айтуынша, діни тәлімгер жеке басының мәселесіне байланысты ашуланып, балаларға қол көтерген. Кәмелетке толмағандардың ата-анасы балаларын мешіт қызметкеріне оқуға берген. Ол бос уақытында үйінде балаларды оқытқан. Мешіт қызметкері этиканы бұзғаны үшін жұмыстан шығарылған.

"Оқиға Шымкентте болды. Сарыағаш ауданының тұрғындары өз сыныптасы - мешіт тәлімгерінен ұлдарына дін сабағын беруін өтінген. Өкінішке қарай, Таспау Сәлімбай мешітінің ұстазы Рүстем Асқаров күнделікті басқа да мәселелерге ашуланып, кәмелетке толмағандарға қол көтерген. Оқиға медреседе болмаған. "Құранды дұрыс оқымағаны үшін балаларды соққыға жыққан" деген пікір шындыққа жанаспайды. Қорытынды жасауға асықпауларыңызды сұраймыз", - деді ҚМДБ өкілі.  

Видеоға Шымкент Полиция департаментінің қызметкерлері де жауап берді. Құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғады.  

"Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабы "Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау" бойынша Тұран аудандық полиция бөліміне тіркелді", - деді Шымкент ПД өкілдері.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді