Әлеуметтік желіде Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында оқушы мен Алтай қаласындағы колледж студентінің өлімі туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Қайғылы оқиғаға қатысты облыстық білім басқармасы пікір білдірді.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда суицид жасау дерегі 7 пайызға, суицидке әрекеттену 17,5 пайызға төмендегенін хабарлаған едік."Кәмелетке толмағандардың өлімі дерегін растаймыз. Бұл студент пен 6-сынып оқушысы. Бұл оқу процесі кезінде емес, демалыс күндері, балалар үйінде жүрген кезде болды. Бұл суицид пе, әлде жоқ па - полиция анықтайды", - деді ШҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Әлима Ақылбек.