Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы тауларында от жаққандарға 1,3 млн теңге айыппұл салынған

Алматы тауларында от жаққандарға 1,3 млн теңге айыппұл салынған
Фото: Алматы ТЖД

Алматыда Іле Алатау ұлттық паркінде от жаққан төрт адам әкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Қалалық ТЖД баспасөз қызметі мәліметінше, Алматы тауларында 45 бірлескен рейд жүргізілді. Оның барысында демалушыларға жадынама таратылған.

Сонымен қатар ерекше қорғалатын аймақтарда өрт жағудың 4 фактісінің жолы кесілді.

"4 жеке тұлғаға ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 367-бабы бойынша жалпы сомасы 1 380 000 айыппұл салынды. Сондай-ақ, табиғат қорғау полициясы 505-бап бойынша ескерту түрінде 5 хаттама толтырды", - деп хабарлады Алматы қалалық ТЖД.

Алматы қаласының аумағында Іле Алатауы ұлттық паркінің 20 мың 805 гектары бар.

Табиғи өрттің алдын алу үшін Алматы қаласы ТЖ және полиция департаментінің қызметкерлерінен тұратын мобильді топтар жұмыс істейді.

Бұл қызметке орман шаруашылығы мекемелерінің салт атты қызметкерлері қолұшын созып, еріктілер де қатысты.

Бұл топтар өрт тұтануы ықтимал деген "ыстық" аймақтарды тексереді.

Рейд кезінде тепловизормен және құлақтандыру жүйесімен жарақтандырылған дрондар, құлақтандыру автомобильдері қолданылады.

Қала аумағында орналасқан табиғи парктер "ерекше қорғалатын табиғи аумақ" мәртебесіне ие.

"Табиғатта ашық оттың жағылуына жол бермеу өте маңызды. Құрғақ шөп пен қоқысты өртемеңіз. Құрғақ шөпті әдейі өртейтін адамдар табиғатқа қауіп төндіреді. Мысалы, жеке ауланың иелері мен бағбандар ыстық күннен кеуіп қалған шөп пен қоқысты өртеп жібереді", – деді қалалық департаментте.

Айта кетейік, Іле Алатауы ұлттық паркінде ыстық тамақ дайындау үшін арнайы жабдықталған 14 орын, Алма-Арасан шатқалының аумағында - 12 орын, "Бутаковкада" - 2 орын бар.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты