Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Атырауда дінге қатысты заңды бұзғандарға 1 млн теңге айыппұл салынды

Атырауда діни бағыттағы заңдылықты бұзғандарға 1 млн теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме жасаған kazlenta.kz


Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, діни тұрғыдағы құқық бұзушылықтың 43 дерегі анықталған. «Биылғы жыл басынан бері облыстық дін істері басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, әлеуметтік желілерде заңсыз діни материалдардың таралуының алдын алу мақсатында мониторинг жұмыстары жүргізілді. Соның нәтижесінде діни саладағы әкімшілік құқық бұзушылықтың 43 дерегі тіркелді. Анықталған әкімшілік құқықбұзушылық жасаған адамдарға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 453-бабымен (БАҚ құралдарының өнімін, сол сияқты өзге де өнімді Қазақстан Республикасының аумағында дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату фактісі) және 490-бабымен (Қазақстан Республикасында діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу) әкімшілік хаттамалар толтырылды», -деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Полиция қызметкерлері жинақталған іс-құжат Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотына жолдады. Сот шемімімен заң бұзушыларға 1 млн-нан астам теңгені құраған айыппұл салынды.


Еске сала кетелік, Атырауда ұрлық жасаған деструктивті діни ағым өкілі 4 жылға сотталғанын хабарлаған едік.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді