Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте полицейлер өз-өзіне қол жұмсамақ болған тұрғынды құтқарды

Шымкентте полицейлер өз-өзіне қол жұмсамақ болған тұрғынды құтқарды
Фото: polisia.kz

Шымкентте полицейлер өз-өзіне қол жұмсамақ болған тұрғынды құтқарды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Еңбекші АПБ-ның “102” арнасына 1 маусым күндізгі сағат 11:15 шамасында әйел кісі қоңырау шалған. Ол тәртіп сақшыларынан көмек сұрап, күйеуінің өз-өзіне қол жұмсағалы жатқанын жеткізген. Белгілі болғандай, ер адам жұбайына бейнеқоңырау арқылы байланысқа шығып, қоштасқан.

Шақырту бойынша, осы аумаққа қызмет көрсететін 3-ротаның патрульдік полицейлері Айдос Исмаилов пен Дәурен Раев оқиға орнына жетті. Жедел келген тәртіп сақшылары қақпа жабық болған соң, үйге кіре алмаған. Әр секундтің қымбат екендігін ескерген Айдос Исмаилов қоршау арқылы асып өту үшін жоғарыға көтерілген. Осы уақытта оның серіктесі Дәурен Раев құлыпты бұзып, қақпадан кірген.

Патрульдік полиция қызметкерлері аумақты тез арада шолып, ауланың артқы жағында қосалқы құрылыстардың арасынан арқанға ілінген адамды тапты. Содан кейін Даурен, ер адам тұншығып қалмас үшін , оны көтеріп, Айдос арқанды кесіп үлгерген. Медицина қызметкерлері де дер кезінде көмек көрсетті.

Қазіргі таңда, азамат ауруханада дәрігерлердің бақылауында.

Еңбекші аудандық полиция басқармасының қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Қазақстан Президенті Berlin Global Dialogue форумында сөз сөйледі
Әлихан Смайылов Қазақстанда жаңа технологиялық құрылымның қалыптасуы туралы айтып берді
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды
Қазақстанда күзгі шақыру науқаны басталды