Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мемлекет басшысы Алматы қаласының қоғамдық көлік жүйесімен танысты

Мемлекет басшысы Алматы қаласының қоғамдық көлік жүйесімен танысты
Фото: Ақорда

Президент «Алматы қаласының көлік холдингі» ЖШС басқаратын ONAY электронды билет сату жүйесімен және Алматы қаласындағы қоғамдық көліктерді диспетчерлік басқару орталығының  жұмысымен танысты, деп хабарлайды kazlenta.kz.


Мемлекет басшысына қоғамдық көліктерде электронды төлем жүйесін енгізу және бүкіл үдерісті автоматтандыру нәтижесінде жолаушы тасымалы саласында көлеңкелі ақша айналымы айтарлықтай азайып, көлік кәсіпорындарының табысы бірнеше есе артқаны жөнінде баяндалды.

2016-2022 жылдары аталған саланың жылдық қаржы айналымы 2,7 есе, яғни 10 миллиард теңгеден 26,8 миллиард теңгеге дейін өсті. Осы жылдары қоғамдық көліктердің саны мен сапасы артты. Сонымен қатар қоғамдық көліктердің уақыт тәртібін сақтауы 95 пайызға дейін жеткен.

Президент дамыған қоғамдық көлік жүйесі сапалы қала тіршілігінің ажырамас бөлігі екенін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев осы саланы одан әрі реформалаудың маңыздылығына, жолаушылар тасымалының сапасы мен жайлылығын үнемі жетілдіру қажеттілігіне назар аударды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Қазақстан Президенті Berlin Global Dialogue форумында сөз сөйледі
Әлихан Смайылов Қазақстанда жаңа технологиялық құрылымның қалыптасуы туралы айтып берді
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды
Қазақстанда күзгі шақыру науқаны басталды