Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Мемлекет 10 есе ұтылған»: Арнайы экономикалық аймақтарға салынған қаражат ақталмады

«Мемлекет 10 есе ұтылған»: Арнайы экономикалық аймақтарға салынған қаражат ақталмады
Фото: gov.kz

Сенатта арнайы экономикалық аймақтар және еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі мәселелері жөніндегі заң жобасы қаралды. Заң жобасын қарау барысында Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне қарата бұл аймақтарға салынған қаражат ақталмай жатқанын айтты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Отырыста Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Ілияс Оспанов арнайы экономикалық аймақтарға салынған қаражат енді ғана өзін ақтап жатқанын атап өткен. Алайда Мәулен Әшімбаев осы мәселеге назар аударып, Жоғары аудиторлық палатаның есебіне назар аударды.

«Арнайы экономикалық аймақтардың тиімділігіне мемлекет басшысы да бірнеше рет назар аударған. Мәселен, ұлттық мұнай-химия паркі арнайы экономикалық аймағын алайық. Атырауда орналасқан. Жұмыс істеп тұр. Жоғары аудиторлық палатаның есебіне сүйенсек, осы АЭА-ға кейінгі жылдары 162 млрд теңге салынған. Бір ғана аймаққа. Ал 2013-2020 жылдар аралығында бұл аймақтан түскен салық 16 млрд теңге. Яғни мемлекет осы аралықта 162 млрд теңге салған да салық жағынан бар-жоғы 16 млр теңге түскен. Салған қаражаттың 10 ғана пайызы», - дейді Мәулен Әшімбаев.

Сенат төрағасының айтуынша, министрлік өкілдері «енді ғана жұмыс бастап жатырмыз» деп ақталуы мүмкін. Алайда факттар басқаша «сөйлейді».

«Сонымен бірге инфрақұрылым тек 17 пайызына тартылған. Яғни осы арнайы экономикалық аймақтарда инфрақұрылымдардың 80 пайызы салынбаған. Келесі факт: сол жаққа салынған инвестициялардың 99,6 пайызы квазимемлекеттік сектордан салынған. Егер біз осындай үлкен аймақ салып, оған көп ақша салып, алған қайтарымымыз 10 пайыз ғана болса, одан бөлек ол жерге тек квазимемлекеттік сектор инвестиция салса, онда осы аймақтардан не пайда? Квазимемлекеттік сектор осы аймақтарсыз да инвестиция салар еді ғой», - дейді ол.

Мәулен Әшімбаев «арнайы экономикалық аймақтар бойынша дұрыстап сөйлесу керек» деп мәлім етті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады