Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мемлекет басшысы ТМД елдері парламентшілеріне үндеу жолдады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Алматыда өткен ТМД Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесінің мерейтойлық отырысына қатысушыларға үндеу жолдады, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Үндеудің мәтінін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев оқып берді.

Мемлекет басшысы үндеуде осыдан тура 30 жыл бұрын дәл Алматы қаласында ТМД Парламентаралық Ассамблеясын құру туралы тарихи келісімге қол қойылғанын атап өткен. Сондай-ақ ел Президенті осы жылдар ішінде бұл бірегей институт Достастық кеңістігіндегі көпжақты ынтымақтастық жүйесінде ерекше рөл атқарғанына назар аударған.

«Ассамблея ұлттық заңнамаларды жетілдіруге және демократия мен азаматтық қоғамды дамытуға елеулі үлес қосып келеді. ТМД аясындағы сайлау процестері бойынша тәжірибені жақсартуға және азаматтарымыздың сайлау құқықтарын қамтамасыз етуге парламентшілердің белсенді қатысуы жоғары бағаға лайық», – делінген үндеуде.

Мемлекет басшысы парламентаралық диалог экономикалық, әлеуметтік және гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылды одан әрі кеңейтуге ықпал ететінін, сондай-ақ қазіргі заманғы сын-қатерлермен күресу және қауіпсіздікті нығайту үшін құқықтық негіз қалыптастыруға үлкен үлес қосатынын айтқан.

«Бірлескен заң шығару жұмысы жаһандық күн тәртібі шеңберінде орнықты дамудың, декарбонизацияның және цифрландырудың маңызды жаңа міндеттерін іске асырудың теңгерімді тәсілдерін әзірлеуге мүмкіндік береді. Қазақстан Ассамблеяның көпжақты қызметін толық қолдайды. Сондай-ақ ТМД Төрағасы және Парламентаралық Ассамблеяның негізін қалаушылардың бірі ретінде осы бірегей әрі пайдалы институтты жан-жақты нығайтуға қолдау көрсетуге ниетті», – деп атап өткен Қазақстан Президенті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты