Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте есірткі таратумен айналысқан курьер 10 жылға сотталған

Шымкентте есірткі таратумен айналысқан курьер 10 жылға сотталған
Фото: polisia.kz

Шымкентте есірткі таратумен айналысқан курьер 10 жылға сотталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Өткен жылдың қыркүйек айында жедел іс-шараларды өткізу барысында Шымкент қаласы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мегаполис орталығындағы көшелердің бірінде патрульдік полицейлермен бірлесіп, BMW-520 автокөлігімен жүріп келе жатқан 26 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Тінту кезінде жедел уәкілдер автокөліктің салонынан 100 дана оралған психотроптық заттарды тәркіледі. Одан әрі оның тұрғылықты жері бойынша қосымша 18 дана синтетикалық есірткі орамасы тәркіленді.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді Әл-Фараби АПБ қызметкерлері ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігіне сәйкес жүргізді.

Тергеушілер жас жігіттің бұрын сотты болғанын және бостандықты шектеу жазасын өтеп жатқанын анықтады. Күдікті Telegram арнасы арқылы нұсқау алғанын мойындады. Одан кейін белгіленген орында синтетикалық есірткіні алып, дозаларға бөліп, жасырын орындарға қойған. Қызмет ақысын интернет арқылы белгісіз біреуден ақшалай алып отырған. Сондай-ақ тергеушілер курьер жасырып үлгерген екі орыннан 30 орама есірткі тапты. Кейін сараптама көрсеткендей, тәркіленген заттардың барлығы синтетикалық есірткі болып шықты.

Тергеушілер жинақталған іс-құжаттарды айыптау актісімен бірге сотқа жолдады. 2023 жылдың сәуір айында Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық соты үкім шығарды. Жас жігіт алдағы 10 жылын темір торда өткізеді.

Айта кетейік, жыл басынан бері Шымкент полициясы есірткі заттарын өткізудің 20 жайтын анықтады, 16 есірткі курьері, ораушылар мен көтерме саудагерлер тергеліп жатыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты