Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Зейнетақы қорының жарты трлн теңгесі «Бәйтерек» облигацияларына жұмсалмақ

Зейнетақы қорының жарты трлн теңгесі «Бәйтерек» облигацияларына жұмсалмақ
Фото: «Бәйтерек» ұлттық холдингінің баспасөз қызметі

Ұлттық банк басшысы Ғалымжан Пірматов «Бәйтерек» ұлттық холдингінің облигацияларына зейнетақы қаражатын бөлу механизмі туралы айтты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

«Технологияға келетін болсақ, зейнетақы қоры "Бәйтерек" облигацияларын сатып алады. Бұл қарыз үшін «Бәйтерек» жауапты болады. Құны нарыққа сай. Бұл облигациялардың мерзімі мен шарттарына байланысты болады», - деген Пірматов БЖЗҚ-дан «Бәйтерек» облигацияларына 500 млрд теңге аударылатынын айтты.

Холдингтен түскен бұл қаражаттың не үшін жұмсалатынын үкімет шешеді.

«Жобаларды таңдау және бұл жобаларды одан әрі қаржыландыру қазірдің өзінде үкіметтің қолында. Бүгінгі күні ақша әлі бөлінген жоқ. Біздің тарапымыздан шешім бар, бірақ жобаларды таңдау, мерзімі, шарттары, несиелер бойынша жұмыстар әлі де жүргізілуде. Шешім қабылданған бойда министрлік пен «Бәйтерек» және зейнетақы қорлары дереу хабардар болатынына сенімдімін», - деді Пірматов.

«Бүгінгі күні бұл қаражат әлі бөлінген жоқ», - деп қосты ол.

Қаңтар айында Ұлттық банк БЖЗҚ қаражатын 2023 жылға дейін жалпы сомасы 500 млрд теңгеге дейінгі «Бәйтерек» облигацияларына инвестициялау жоспарланғанын хабарлаған еді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді