Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

9000-ға жуық қазақстандықтың арнайы шоттарына алғашқы біржолғы зейнетақы төлемдерін алды

2021 жылы 23 қаңтарында ««Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалануға өтінімдер қабылдайтын онлайн-платформаны іске қосты, деп хабарлайды kazlenta.kz.


2021 жылдың 2 ақпанындағы жағдай бойынша 107 744 қазақстандық «ЖССБ24» мобильді қосымшасы және «Отбасы банк» сайтындағы бейне қоңырау қызметі арқылы арнайы ағымдағы шоттар ашты. 83 436 қазақстандық www.enpf-otbasy.kz порталына өтінім берді. 


Төмендегідей мақсаттар бойынша:


- 41% ипотекалық займ бойынша қарызды өтеу, соның ішінде ислам банкінің қаржыландыру шеңберінде (ішінара немесе толық);

- 21% Ипотекасыз тұрғын үй сатып алу (толық өтеу);

- 17% Зейнетақы жинақтарын туысқандарға тағайындау;

- 8% «Отбасы банкінде» тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі бойынша ипотекалық тұрғын үй қарызын алу;

- 5% Ипотекалық қарыз алу үшін бастапқы жарна енгізу (соның ішінде ислам банкінің қаржыландыру шеңберінде);

- 3% Ипотекалық тұрғын үй қарызын қайта қаржыландыру;

- 3% Жеке тұрғын үй салу (жер учаскесін сатып алуды қоса алғанда);

- 2% Сатып алу құқығымен жалдау шарты бойынша берешекті өтеу


49 257 өтінім БЖЗҚ тексерісінен сәтті өтті, 49 миллиард теңгеден астам қаражат 8 376  қазақстандықтың арнайы шоттарына түсті.


«Отбасы Банк» порталға өтінім беру процесін оңтайландыру бойынша тұрақты жұмыс атқаруда. Платформаның бірінші жұмыс күнін қорытындылай келе «өтінімді жою» атты жаңа функция енгізілді. Енді, егер сіз деректерді енгізу кезінге қате жіберген болсаңыз немесе біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану мақсатын өзгерту туралы шешім қабылдасаңыз, жеке кабинетіңіздегі өтініміңізді жоя аласыз.


Ол үшін:

1. Жеке кабинетіңізге кіріп, "менің өтінімдерім" батырмасын таңдаңыз.

2. Жою қажет өтінімді таңдаңыз.

3. Экранның төменгі бөлігіндегі "өтінімді жою" пернесін басыңыз.


««Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ — еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. Банкінің жалғыз акционері – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді