Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы дәрігерлері абсолюттік рекорд жасады: денесін 94% күйік шалған пациенттің өмірін сақтап қалды

Алматы дәрігерлері абсолюттік рекорд жасады: денесін 94% күйік шалған пациенттің өмірін сақтап қалды
Фото: ДСМ баспасөз қызметі

Денесін 94% күйік шалған ер адам Алматының №4 қалалық клиникалық ауруханасына жеткізілді. Реанимация бөлімшесіне шұғыл түрде емдеуге жатқызылды, реаниматологтар Антонға 20 күн күтім жасап, қарады ,деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ол 53 күннен кейін өзі жүріп үйіне оралды.

"Төтенше жағдай 30 наурызда болды, менің автокөлігімнің аккумуляторы отырып қалды, мен аккумуляторды тұтатқан сәтте от шашырап, үстімдегі киімдерімнің барлығы дерлік жанып кетті. Бұл жан түршігерлік күйіктер болды, қатты ауырсынуға, операцияға төзуге тура келді. Екі айға жуық уақыт бойы дәрігерлер мен үшін күресті, ал бүгін мен қалыпты жағдайға оралдым – мен өзім жүре аламын, өзіме өзім күтім жасай аламын", - дейді Антон.

Бір айдан астам уақыт бойы ол бейінді күйік бөлімшесінде болды, күйік хирургтары операция : бір мезгілде аутодермопластикамен некрэктомия жасады. Басқаша айтқанда - күйген теріні алып тастап, зақымданбаған теріні ауыстырып қондырды.

"Мен мұны ерекше жағдай деп атайтын едім - 94% I-II-ІІІа-ІІІб дәрежелі бастың, беттің, мойынның, дененің, аяқ-қолдарымның термиялық жалын күйігі. Қазіргі уақытта пациенттің күйік ауруы қалпына келу сатысында", - деді Алматының төртінші қалалық ауруханасының комбустиолог дәрігері Диас Дәулетбеков.

Антон өзінің құтқарушыларына алғыс айтып, дәрігерлердің есімдерін жариялауды сұрайды. Бұл №4 МКА бас дәрігерінің емдеу бөлімі бойынша орынбасары - Биқоңыров Нұржан Омарұлы, АРҚТБ меңгерушісі - Дәулетбеков Жандос Шымыртайұлы, №4 МКА күйік бөлімшесінің меңгерушісі - Әлменов Ердос Әділханұлы, дәрігер - комбустиолог - Федотов Андрей Анатольевич, дәрігер - комбустиолог - Дәулетбаев Диас Ермұханбетұлы, аурухананың орта және кіші медицина қызметкерлері.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді