Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Петропавлдағы жарылыстан зардап шеккен 9 адамның жағдайы белгілі болды

Дәрігерлер Петропавлдағы техникалық қызмет көрсету стансасында болған жарылыстан жарақаттанған 9 адамның жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме жасаған kazlenta.kz


Петропавлда 17 қараша күні көлік жөндеу стансаларының бірінде жарылыс болып, арты өртке ұласты. Алдын ала болжам бойынша, стансадағы көліктердің бірінде тұрған газ қондырғысы жарылған. Салдарынан 9 адам жарақат алды. Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, зардап шеккендердің бесеуі ауруханаға жатқызылды, үшеуіне алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, амбулаториялық ем алуға үйіне жіберілді, біреуі ауруханаға жатуға бас тартқан.


«Жарақаттанғандардың барлығы ер адам. Жастары 50 мен 24 аралығында. Төрт адам жарақат бөлімшесіне жатқызылды. Олардың беті, екі қолы, иығы, енді бірінің аяғы мен белін күйік шалған. 50 астағы ер адам жақ-бет хирургиясы бөлімшесіне орналастырылды. 46, 30 және 26 жастағы үш сырқат үйіне емделуге жіберілді. Бұл адамдарда да жарақат ұқсас, беттері мен қолдары күйіп қалған. Ал 33 жастағы ер адамның беті-қолынан бөлек құлақтарын да күйік шалған, алайда ол ауруханаға жатып емделуден бас тартты», - деді баспасөз хатшысы Гүлнар Қалиева.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты