Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Атыраулық полицейлер өрт шыққан пәтерден 25 адамды эвакуациялады

Атыраулық полицейлер өрт шыққан пәтерден 25 адамды эвакуациялады
Фото: polisia.kz

Атыраулық полицейлер өрт шыққан пәтерден 25 адамды эвакуациялады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

19 мамыр күні сағат 11:40 шамасында Атырау қаласы Әйтеке би көшесі б мекенжайында орналасқан 15 қабатты үйдің дәлізінің қосалқы бөлмесінде өрт шыққан. Жалын шарпыған үйге Атырау қалалық полиция басқармасының аға учаскелік полиция инспекторлары Самалбек Бегалиев пен Асыланбек Жолай оқиға орнына дереу келіп, өрттің үшінші қабаттан шығып жатқанын байқаған. Тәртіп сақшылары төтенше жағдай қызметкерлерімен бірлесіп, адам өміріне төнген қауіпті бірге ауыздықтаған.

Қызметкерлердің жедел әрекеті нәтижесінде өртке оранған үйден екі зейнеткер, 10 жасөспірім (оның ішінде төрт нәресте бар) мен 13 пәтер тұрғыны қауіпсіз жерге шығарылып, нәтижесінде 25 адам эвакуацияланды.


– Адам өміріне қауіп төнген уақытта ойлануға уақыт жоқ. Сын сағатта дереу әрекет етпесек, кеш қалуымыз мүмкін еді. Оқиға орнына келген кезде өрттің үшінші қабаттан шыққанын байқап, төтенше жағдай қызметкерлерімен дереу әрекет етіп, үй ішінде қалған 25 тұрғынды сыртқа шығардық. Шұғыл шешім қабылдаудың нәтижесінде жарақат алған адам болмады, – дейді өртті ауыздықтаған қос полицей Самалбек пен Асыланбек.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді