Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

20 шілде күні "Әулие ата жастары" бағдарламасына өтінімдер қабылдау басталды

20 шілде күні

Ағымдағы жылдың 20 шілдеден бастап "Әулие ата жастары" бағдарламасы бойынша өтінімдер қабыладауы басталды. Бүгінгі таңда жастарға пәтер сатып алу оңай шаруа емес. Бұл бағдарламада белгілі бір мамандықтар бойынша жұмыс істейтін облыс жастарына бастапқы және қайталама тұрғын үй нарығында пәтер сатып алуға көмек беруге бағытталған. 

«Біздің облыс жастарына жеңілдетілген несие беру «Әулие ата жастары»  бағдарламасы аумағымызда жастарын қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету және жас отбасыларды қолдау үшін әзірленген», - деді облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Серікбол Берікқожа. Бүгінгі таңда Жамбыл облысында 255 мыңнан астам жастар тұрады, бұл өңір халқының жалпы санының 22,4 пайызын құрайды, сол себепте бұл бағадарламанын маңыздылығы өте жоғары екенін айтуға болады.

Жамбыл облысы осындай бағдарламаларды Алматы, Нұрсұлтан және Қарағандыда іске қосудың табысты тәжірибесін қабылдап отыр. Онда жергілікті билік «Отбасы банкімен» бірлесіп, өздерінің жас мамандарын қолдау үшін осындай тұрғын үй бағдарламаларын іске қосты. Бүгінгі күнге, тұрғын үй алуға кезекте 35 жасқа дейінгі 7140 өңір тұрғыны тұр. 2021 жылы мемлекеттік бағдарлама бойынша 300-ден астам жастар пәтер сатып алуға қол жеткізді. «Әулие ата жастары» бұл аймақтық бағдарлама, бағдарламаны қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен бір миллиард теңге көлемінде жоспарланып отыр. Бағдарламаны іске асыруға «Отбасы банк» қызығушылық танытты. "Отбасы банк" АҚ төрағасы мен Жамбыл облысының әкімі ынтымақтастық туралы екі жақты келісім жасады. 2022 жылғы 23 маусымда «Жамбыл облысы әкімдігі», «Жастар саясаты мәселелері басқармасы» және "Отбасы банк" АҚ арасында үшжақты шартқа қол қойылды. Жастар үшін қарыздың ең жоғары сомасы – 13 миллион теңге. Мөлшерлеме – 5 пайыз, бастапқы жарна – 5 пайыздан 50 пайызға дейін. Тұрғын үй бағдарламасына қатысуға өтінімдерді қабылдау 20 шілдеде басталып, ағымдағы жылдың 30 шілдесіне дейін www.e-jambyl.kz порталында жалғасады. Бағдарламаның өңір жастары үшін маңыздылығын ескере отырып, келесі жылы облыс әкімдігі бұл бағытты ұлғайтуды жоспарлап отыр.

Жастарға қолдау көрсету бағдарламалардың өзектілігі еліміздің президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтің бірнеше рет атап өткен болатын. Еске сала кетсек, ҚР президенті ұлықтау рәсімінде жастарға үндеу жолдап, жас ұрпақтың Қазақстанның дамуында шешуші рөл атқаратынын мәлімдеді.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді