Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Каспий теңізіне 300 литрге жуық жанармай төгілді

Каспий теңізіне 300 литрге жуық жанармай төгілді
Фото: advantour.com

Маңғыстау облысында Каспий теңізіне кемеден 300 литрге жуық дизель отыны төгілді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Оқыс оқиға Түпқараған ауданына қарасты Аташ және Баутино ауылы іргесіндегі жағажайда болған. Су бетіне жайылған майлы дақты көрген тұрғындар уәкілетті органға шағым түсірген.

Экологтар оқиға орнына барып, судан сынама алды. Зертханалық талдаудан соң қарақошқыл түсті сұйықтықтың жанар-жағармай екені анықталды. Су көлігі тиесілі серіктестікке қолданыстағы заңнама аясында тексеру жүріп жатыр.

Мұнай қалдықтары деп айта алмаймыз. Зертханалық анализдің қорытындысы бойынша кәсіпкерлік кодекске сәйкес тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Теңіз суын ластау экологиялық кемшілікке жатады. Әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады, - деді облыстық Экология департаменті басшысының орынбасары Ержан Жұмашев.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады