Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Сайлауда өмірге келген сәбилер!

Сайлауда өмірге келген сәбилер!
Фото: instagram.com

Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының перзентханасынан ақжолтай жаңалық жетті! Дәл бүгінгі саяси науқанмен қатар келген қуанышты жайт азанмен өз таңдауын жасаған аналардың шаттығын айшықтай түсті. 

Таңертең ғана сайлау учаскесінде қалаған кандидатқа дауыс беріп үлгерген келіншектер аздаған сәттерден соң-ақ сәбилі болды. Қазіргі уақытта пейілді күнде перзенхтана балаларының саны артып, Баймұхаммед, Сафия, Амина есімді үш балапан өмір есігін ашты! Біз Амина бүлдіршіннің анасын құттықтап, әңгімеге тарттық. Қонаевтық Жансая Дүйсенбек өз сөзінде:

- Ерекше күні өмір есігін ашқан балапаным халықтың қалаулысы болсын деп тілеймін. Қуанышым шексіз. Ақ халатты абзал жандарға, перзентхана ұжымына айтар алғысым көп. Бүгін, елімізде өтіп жатқан сайлау ойдағыдай өтіп, Қонаев қаласының болашағы жарқын болсын",-деген ақ тілегімен бөлісті нәрестесін дүниеге алып келген ана!

Ниетті күні дүниеге келген балапанның салмағы 3308 грамм, ал бойы 53 см. Дәрігерлердің айтуынша бөпелердің денсаулығында еш кінәрат жоқ, барлығы биік бедерде болған. Қуанышы қойнына сыймаған Қонаевтық аналарды құттықтап, сайлау күні өмірге сәтті келген балапандардың өмір жасы ұзақ болсын дедік. Айта кетерлігі аталмыш перзентханада күн аяғына дейін өмірге келуі күтілген сәбилер де бар. Осындай шаттықты жаңалық шартарапты шарласын.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Композитор Арман Дүйсенов қайтыс болды
Актер Вахтанг Кикабидзе қайтыс болды
Тұрсынбек Қабатов жаңа қызметке тағайындалды
Димаш Құдайберген "Болашақ" стипендиясының иегері қатарынан табылды
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ту көтеру рәсіміне қатысты
Мемлекет басшысы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығына барды
Ақордада Сингапур Президентін салтанатты қарсы алды
90 мыңға жуық азамат автокөлікке кепілдікті онлайн тіркеді
Атырауда дәстүрлі садақ атудан "Алтын Орда" халықаралық турнирі өтті