Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Сайлауда толғатып жүріп дауыс берген шымкенттік келіншек өмірге ұл бала әкелді

Толғақ қысса да сайлауда дауыс беріп үлгерген шымкенттік ана дүниеге ұл бала әкелді. Нәрестенің отбасы сайлауда жеңіске жеткен президенттің құрметіне ерекше есім берген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz

Шымкент қаласы Абай ауданындағы Жаңаталап елдімекенде тұратын Мухаббат Уримбаеваның бұл төртінші перзенті. 20 қараша сайлау күні толғақ басталғанына қарамай Мухаббат дауыс беріп үлгерген. Азаматтық міндетінен айнымаған ана жас босанған соң отбасымен келісіп, төртінші сәбиіне Азамат есімін берген.

"Қасым-Жомарт Кемелұлындай азамат болсын деп ниетпен ұлыма енем Азамат деп ат қойды. Азаматтың салмағы - 3 400 грамм. Баламның да, өзімнің де жағдайым жақсы. Екі-үш күн толғатып жүріп, 23 қараша күні таңертең босандым," - дейді ол. 

Көп балалы ана атанған Мухаббатты үйінде тағы екі қызы мен ұлы күтіп жүр. Тұңғыш ұлы бес жарым жаста, екінші перзенті үш жарым жасар, үшінші қызы бірден асты. Мухаббат қазақ отбасына келін болған өзбек қызы. "Әулеттің бесінші келінімін. Жұбайым құрылыс материалдарын сататын дүкенде жүк тасушы боп жұмыс істейді. Өзім өзбек қызы болсам да, қазақтың барлық салты мен дәстүрін ұстанамын,"- дейді Мухаббат. Айта кетелік, Мухаббат Умиралева сайлауда толғатып жүріп дауыс беріп, сәбиіне жеңіске жеткен үміткердің есімін беретінін мәлімдеген болатын. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты