Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Еуропа кейінгі 33 жылдағы ең ұзақ үздіксіз инфляцияға тап болды

Еуропа кейінгі 33 жылдағы ең ұзақ үздіксіз инфляцияға тап болды
Фото: freepik

Ақпанда Еуропа биржаларындағы газ бағасы кейінгі жарты жылдағы ең төмен деңгейге түсті. Оны қыстың болжанғандай аса суық болмағанымен байланыстырып отыр. Дегенмен оның әсері тұтынушыларға жақын арада жете қоймауы мүмкін. Әсіресе бұл жағдай азық-түлік өнімдеріне қатты әсер етіп жатыр: Еуропа дүкендеріндегі баға әлі де өсуде, деп хабарлайды kazlenta.kz ҚазАқпаратқа агенттігіне сілтеме жасап.

«Біз энерготасымалдаушылар мен азық-түлік бағасы туралы айтқанда «кешігу» әсері болатынын ескеруіміз қажет. Салыстырмалы түрде қазір энергия бағасының төмен болуы азық-түлік өнімдері өндірісі бағасының да арзандауына әкелуі керек, сонда біз айырмашылықты көре аламыз. Ал қазіргі супермаркеттердегі бағалар жарты жыл бұрынғы энергияның бағасына сай болып тұр. Сол себепті егер энерготасымалдаушылар бағасы тұрақтанса, азық-түлік өнімдері шамамен алты айдан кейін арзандайды», - дейді TELF AG сарапшысы Рик де Оливейра.

Венгрияда азық-түлік 50 %-ға қымбаттады, Литва мен Словакияда үштен бір есе көтерілді. Биыл бағаның өсімі тоқтаса да сатып алу қабілетінің төмендеуі ұзақмерзімді мәселеге алып келеді.

«Тұтынушылардың сенімі жыл соңына қарай артады деп болжай аламыз, бірақ өмір құны дағдарысымен күресу үшін одан да ұзақ уақыт керек», - деп пікір білдірді TELF AG сарапшысы Рик де Оливейра.

Саясаткерлер өмір құны дағдарысы туралы айтып жатыр. Азық-түлік бағасы 10 айдан бері көтерілуде. Дүниежүзілік экономикалық форум дерегі бойынша, бұл кейінгі 33 жылдағы үзіліссіз инфляцияның ең ұзақ мерзімі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты