"Қазгидромет" РМК 27 ақпанда Қазақстанның солтүстік өңірлерінде қар жауып, ақтүтек боран болатынын болжап, ескерту жасайды, деп хабарлайды kazlenta.kz zakon.kz сайтына сілтеп.
"Қазақстанның басым бөлігі антициклон ықпалында болып, негізінен, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты республикамыздың батыс бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, ал еліміздің солтүстігінде қар жауып, ақтүтек боран борайды деп болжанады. Республика территориясы бойынша тұман, қатты жел болатыны да айтылады"."Қазгидромет" РМК
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстіктен, оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. 27 ақпанда Оралда тұман, көктайғақ болады деп болжанады. Оңтүстіктен, оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 18 м/с құрайды.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-батыс 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с жылдамдықпен жел соғады. Петропавлда жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді.
Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде оңтүстік батыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік батыстан 15-20 м/с, күндіз 23 м/с жылдамдықпен жел соғады. Көкшетауда оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с құрайды.
Түркістан облысының солтүстігінде және таулы аудандарында солтүстік шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Қызылорда облысының солтүстігінде тұман болады деп күтіледі.
Павлодар облысының солтүстігінде, батысында оңтүстік батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі.
Қостанай облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, батысында оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қостанайда күндіз жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.