Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

20 ақпанда Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, боран соғады

"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамы бойынша республикамыздың басым бөлігінде қар жауып, боран борайды, деп хабарлайды kazlenta.kz Zakon.kz сайтына сілтеп. 

20 ақпанда скандинавиялық циклонның жүруіне және онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен еліміздің көп бөлігінде тұрақсыз ауа-райы болады: қар жауып, ақтүтек боран болады, батыс өңірлерде және оңтүстікте қар аралас жаңбыр жауады.

Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің шығысында, оңтүстік-шығысында ғана жауын-шашын болмайды. Қазақстанның басым аумағында көктайғақ, тұман, қатты жел болады деп күтіледі. 

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде қарлы боран болады деп күтіледі.  Облыстың солтүстігінде, батысында оңтүстіктен, оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Ақмола облысының басым бөлігінде қар жауып, боран болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады деп болжанады.  Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында оңтүстіктен, оңтүстік шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Көкшетау қаласында жаяу бұрқасын жүреді, тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік таңертең және түстен кейін соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Атырау қаласында тұман, көктайғақ болуы ықтимал. 

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде қарлы боран болады деп күтіледі. Түнде облыстың оңтүстік-шығысында тұман болады. Облыстың солтүстігінде, батысында оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Маңғыстау облысының солтүстігінде көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында тұман болады деп болжанады. Ақтауда тұман түседі. 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді