Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкенттік тұрғын өз әйелін өлтірді деген күдікке ілінді

Шымкентте ер адам өз әйелін өлтірді деген күдікке ілінді. Марқұмның анасы видеоүндеу жолдап, күйеу баласының жазадан құтылып кетпеуін талап етті. Әйелдің үндеуіне қалалық полиция департаменті пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz

Әйелдің видеоүндеуі Facebook желісінде жарияланған. Марқұмның анасының айтуынша, 31 тамыз күні күйеу баласы қызын пышақтап, кейін денесін көлікке салып, қаланы аралап жүрген. "Ол оны (марқұм-ред) мойын, жүрек тұсы мен тобық тұсынан пышақтаған. Полицияға күйеу балам қылмысты үш күн бұрын жоспарлағанын айтыпты. Ол қылмысты жасаған соң қызымның денесін көлікке салып, Шымкентті аралап жүрген. Кейін үйіне қанның ізін жасыру үшін келген.

Сосын өз әпкесі мен анасына хабарласып, әйелін өлтіргенін хабарлаған", - деді марқұмның анасы. Сондай-ақ әйел тергеуге қатысты бірнеше сұрағы бар екенін де жеткізді. Шымкент полиция департаменті жазба астына әйелге пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, 31 тамыз күні Әл-Фараби ауданындағы полиция бөліміне 50 жастағы азамат келіп, өз әйелін өлтіргенін мойындаған.

"Оқиға орнына жеткен тергеу тобы қызғаныш себебінен ер адамның әйелін көлікте пышақтап тастағанын растаған. Әйел адам сол жерде жан тапсырған. Аталған факті Қылмыстық кодекстің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Күдікті Шымкент қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде", - деді қалалық полиция департаменті. 
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді