Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанның 11 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Қазгидромет" синоптиктері еліміздің 11 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, - деп хабарлайды kazlenta.kz massaget.kz сайтына сілтеп.

Ақтөбе облысының солтүстігінде түнде тұман болады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні - 18 м/с.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде жел солтүстік-шығыстан соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында түнде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Қызылорда облысының орталығында көктайғақ, бұрқасын болады. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың орталығында күші 15-20 м/с-ке дейін жетеді.

Абай облысының оңтүстігінде, солтүстігінде тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында күндіз қалың қар жауады. Облыстың шығысында жаяу бұрқасын соғып, облыстың оңтүстігінде тұман түседі.

Қостанай облысының басым бөлігінде күндіз қар жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын соғады. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман түседі.

Ұлытау облысының оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді.

Павлодар облысының солтүстігінде тұман түседі.

Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні - 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын болады. Облыстың оңтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/basty-zhaalytar-438/78162/скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты