Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Университет түлектері қандай мемлекеттік қызметке іріктеусіз орналаса алады

Университет түлектері қандай мемлекеттік қызметке іріктеусіз орналаса алады
Фото: kazlenta

Мемлекеттік грантпен оқу орындарын үздік аяқтаған түлектер аудан мен ауылдардағы төменгі лауазымдарға конкурстық іріктеусіз тікелей тағайындалады. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Азамат Жолманов осылай мәлім етті, деп хабарлайды kazlenta.kz ҚазАқпаратқа сілтеп.

«Мемлекеттік грантпен қазақстандық оқу орындарын үздік аяқтаған түлектер аудан мен ауылдардағы төменгі лауазымдарға конкурстық іріктеусіз тікелей тағайындалады. Олар аудан немесе облыстық маңызы бар қала әкімі және мәслихат аппараттарының төменгі лауазымына, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның басшысы емес лауазымына тағайындала алады. 

Сонымен қоса, олар аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының басшысынан басқа қызметтерге, орталық мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесінің және облыстық маңызы бар қаладағы басшылық етпейтін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналаса алады», - деп тоқталды ол.

Азамат Жолмановтың айтуынша, бұл білікті жастарды мемлекеттік қызметке ынталандыруға, жас мамандарды аудан мен ауылдық аймақтарға тартуға, өңірлердегі кадр тапшылығын азайтуға ықпал етпек.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады