Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Президент биліктің аудандық, қалалық және ауылдық деңгейлерінің дербестігін кеңейту туралы заңға қол қойды

Ағымдағы жылдың  30 маусымында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аудандық, қалалық және ауылдық билік деңгейлерінің дербестігі мен жауапкершілігін кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойылды, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Заң бірқатар нормативтік құқықтық актілерге аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттер мен ауылдық округтердің кіріс базасын кеңейту; бюджеттік рәсімдерді оңайлату; әкімшілік-аумақтық бірліктерге қойылатын талаптарды жетілдіру; дербестікті кеңейту және жергілікті өкілді және атқарушы органдардың жауапкершілігін күшейтуге қатысты өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді.

Жергілікті өзін-өзі басқару бюджетінің кіріс көздерін ұлғайту үшін бюджеттің IV деңгейіне салықтар мен төлемдердің қосымша төрт түрі берілетін болады. Бұдан басқа, бюджеттік рәсімдер жеңілдетіледі. Атап айтқанда, ауылдық округ әкімі аппараты үшін бюджетке жиырма пайыздан аспайтын көлемде түзету енгізіледі. Түзету жергілікті қоғамдастық жиналысының келісімі бойынша жүргізіледі.

Бюджет кодексіне қаржы жылы ішінде аудан мен ауылдық округ бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттер көлемінің өзгеруіне жол бермейтін нақтылаушы норма енгізіледі. Осылайша, ауылдық округтер әкімдерінде субвенцияларды азайту немесе алып қоюларды ұлғайту қаупінсіз ауылдық округтердің салық салынатын базасын ұлғайтуға мүдделілік болады.

Тағы бір түзету әкімшілік-аумақтық бірліктер санатын өзгерту тәртібін анықтайды. Қала мәртебесінің өзгеруі сәйкес келмеген жағдайда бес жыл ішінде, ауылдар – үш жыл ішінде жүзеге асырылатын болады.

Заңда мәслихат пен олардың депутаттарының мәртебесін арттыру, атап айтқанда, мәслихат сессиясының төрағасы лауазымын тарату және оның өкілеттігін мәслихат хатшысына беру көзделген.

Құжат Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында әзірленді.

Осылайша, қабылданған шаралар өңірлердің дербестік және жауапкершілік деңгейін арттыруға және жергілікті маңызы бар мәселелерді неғұрлым жедел шешу үшін бюджеттік рәсімдерді айтарлықтай жеңілдетуге мүмкіндік береді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді