Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Бақытгүл Хаменованың апелляциялық шағымы қанағаттандырылмады

21 ақпанда Атырау облыстық сотының апелляциялық алқасы сотталған Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованың шағымы бойынша шешім шығарды. Бұрынғы әкімнің орынба қатысты үкім өзгеріссіз қалды, қалған сотталғандардың жазасы қысқартылды, деп хабарлайды kazlenta.kz zakon.kz  сайтына сілтеп.

Бұған дейін сот Бақытгүл Хаменованы бала 14 жасқа толғанға дейін шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасына кесіп, сот залында қамаудан босатқан болатын. Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары алдын ала келісім бойынша бір топ адамнан пара алды деген айып тағылды.

Алқа Хаменоваға қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Дәл осы іс бойынша кінәлі деп танылған облыстық мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Ақылбек Рысқалиев жеті жылдан екі жылға дейін, ал «Балқыту» ЖШС директоры Өміртай Адамов төрт жылдан 1,6 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Барлық сотталғандар өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айырылады.

Заңгер Игорь Вранчев апелляциялық алқаның шешіміне шағым жасалатынын айтты.

Бақытгүл Хаменова 2020 жылдың наурыз айында облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

2021 жылы 11 желтоқсанда Бақытгүл Хаменованың қамауға алынғаны белгілі болды, 12 желтоқсанда үйқамақта, 23 желтоқсанда тергеу изоляторына қамалды.

Қарашаның 14-і күні Бақытгүл Хаменова соңғы сөзінде өзінің кінәсіз екенін және үкім тек ақталуы мүмкін екенін мәлімдеді.

15 қарашада Атырау қалалық No2 сотында судья Жұмағали Тәшімов Бақытгүл Хаменова, Ақылбек Рысқалиев және Өміртай Адамовқа қатысты үкім шығарды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді