Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Бақытгүл Хаменова сот үкіміне аппеляциялық шағым түсірді

Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованың ісіне қатысты аппеляциялық шағымдар түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме жасаған kazlenta.kz


Атырау облыстық сотының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Бақытгүл Хаменованың ісіне қатысты апелляциялық шағымдар түскен.

«Атырау қаласының №2 сотына Б.Хаменовадан, оның адвокаты И.Вранчевтан, У.Адамов пен оның адвокаты К.Адамовадан және А.Рысқалиевтың адвокаты Н.Жолболовтан апелляциялық шағымдар түскенін хабарлаймыз. Апелляциялық шағымдарға байланысты іс әлі алқа қарауына берілген жоқ», - деп хабарлады Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі.


Бұдан бұрын Атыраудағы №2 қалалық сот Бақытгүл Хаменованы ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 3-блімінің 2-тармағымен (Ірі көлемде пара алу) кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.


«Сот Бақытгүл Хаменованың қабылдаған антты бұзу арқылы қылмыс жасағанын жазаны ауырлататын жағдай деп таныды. Жеңілдететін мән-жай ретінде жас балаларының бары ескерілді. Сотталушыға өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Екі жас баласының болуына байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 74-бабының 1-бөлігіне сәйкес жазаны өтеу мерзімі 3 жылға кейінге қалдырылды», -делінген соттың хабарламасында.


Сондай-ақ, Бақытгүл Хаменовамен бірге тергелген облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы басқарма басшысы 7, серіктестік директоры 4 жылға сотталған болатын.


«Сот Ақылбек Рысқалиевтың жазасын жеңілдететін мән-жай ретінде жас балаларының барын, қылмыстық құқық бұзушылықтың басқа қатысушыларын әшкерелеуін таныды. Ал, Өміртай Адамов үшін жазасын жеңілдететін мән-жай ретінде зейнеткерлік жасын, асырауында төрт және кәмелетке толмаған үш баласы бар екі мүгедек баласы болғанын, ауыр қылмыстық құқық бұзушылықты отбасылық және басқа да жағдайлардың салдарынан жасағанын ескерді. Сотталушы Ақылбек Рысқалиевқа 7 жыл, Өміртай Адамовқа 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», -деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.


Сотталушылардың екеуі де мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Сотталушылар сот залынан қамауға алынған еді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді