Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі Хаменованың айыптауына қатысты пікір білдірді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Telegram-каналында Бақытгүл Хаменованың оны ведомство тарапынан негізсіз қудалау туралы мәлімдемесіне пікір білдірді, деп хабарлайды kazlenta.kz

Атырау облысында бірнеше күннен бері облыс әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменоваға қатысты сот процесі жүріп жатыр. Ол жемқорлық жасады деген күдікке ілінген. Сот отырыстарының бірінде Хаменова өзінің кінәсіз екенін мәлімдеген. Сотталушының сөзін "Мой город" басылымы жазған. "Қазір мықтылар заманы. Антикор заманы. Антикор оларға тек Хаменова керек деп айтқан", - деген еді экс-шенеунік.

Сотталушының сөзіне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пікір білдірді. "Өткен жылдың желтоқсан айында Хаменова Мәдениет басқармасының басшысы А.Рысқалиевпен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқаны және міндеттемелерді орындау барысында жалпы қамқорлығы үшін "Балқыту" ЖШС директоры У. Адамовтан алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобында 4,5 млн. теңге сомасында пара алғаны үшін әшкереленгенін хабарлаймыз.

Оның әрекеттері жиналған дәлелдемелерді, оның ішінде жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерін, сондай-ақ күдіктілер мен куәлардың тікелей айғақтарын ескере отырып сараланады. Тағылған айыптың негізділігі мен заңдылығы прокурормен расталды. Хаменованың және басқа адамдардың кінәсі туралы қорытынды шешімді сот қабылдайды", - делінген қызмет хабарламасында. Еске сала кетейік, кеше Атырау облысы әкімінің экс-орынбасары Бақытгүл Хаменованың ісі бойынша кезекті сот отырысы өткенін хабарланбыз. Сотталушы өзіне тағылған ешбір айыпты мойындамайтынын айтқан. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді