Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Бақытгүл Хаменованың ісіне қатысты сот отырысы келесі аптаға қалдырылды

Бақытгүл Хаменованың ісіне қатысты сот отырысы кейінге қалды. Бұған оның адвокатының сот отырысына қатыса алмайтыны себеп болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме жасаған kazlenta.kz

Бүгін, 27 қазан күні Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованың ісіне қатысты кезекті сот отырысы өтуі тиіс еді. Алайда, отырыс өткен жоқ. Бұған Бақытгүл Хаменованың адвокаты Игорь Вранчевтің денсаулығына байланысты сот отырысына келмей қалуы себеп болған. Адвокат судьяға сот отырысын келесі аптаға ауыстыру туралы жазбаша өтініш түсірген. Осыған байланысты тараптардың жарыссөзі 31 қазанға ауыстырылған.

Еске сала кетсек, Бақытгүл Хаменова мен өңірлік мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиевке қатысты тергеу 2021 жылдың желтоқсан айында басталған еді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, олар Атырау қаласында Абай ескерткішін жасау және қою бойынша 145 млн теңге сомасына мемлекеттік сатып алу шартын жасағаны үшін адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы ЖШС басшысынан 4,5 млн теңге пара алды деген күдікке ілінген. Айыпталушылардың қатарында ЖШС директоры Өміртай Адамов та бар.

Оған "пара берді" деген айып тағылып отыр. Бақытгүл Хаменованың ісі бойынша сот отырысы биыл 11 тамызда басталды. Оның ісі Атыраудағы №2 қалалық сотта қаралып жатыр. Бұған дейінгі сот отырысында Бақытгүл Хаменова өзіне тағылған айыптарды мойындамайтынын айтқан болатын. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді