Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Еліміздің 12 облысында дауылдық ескерту жарияланды

"Қазгидромет РМК" 4 қарашада ауа райының нашарлауына байланысты еліміздің 12 облысында дауылдық ескерту жариялады, деп хабарлайды kazlenta.kz 

Синоптиктердің болжамынша, жұмада Қызылорда облысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. 4 қарашада Алматы облысының таулы, тау бөктеріндегі аудандарында тұман, түнде облыстың солтүстігінде және орталығында екпіні 15-20 м/с-қа жететін жел күтіледі. 4 қарашада түнде және таңертең Алматы және Қонаев қаласында да тұман күтіледі. 4 қарашада түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысында, сондай-ақ облыс орталығы Орал қаласында тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал. 4 қарашада Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

4 қарашада Ақтөбе облысының солтүстігінде көктайғақ болуы ықтимал. Желдің бағыты оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, күндіз облыстың шығысында, орталығында екпіні 15-18 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. 4 қарашада түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында және Семей қаласында тұман күтіледі. 4 қарашада Ақмола облысының басым бөлігінде жауын-шашын, күндіз облыстың батысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың солтүстігінде, батысында көктайғақ күтіледі. Сонымен қатар өңірде оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғып, түнде облыстың батысында, күндіз басым бөлігінде күші 15-20 м/с-қа дейін, облыстың солтүстігінде 23 м/с -қа дейін жетуі мүмкін.

Одан бөлек, Көкшетау қаласында да 4 қарашада таңертең және күндіз көктайғақ болып, екпіні 15-20 м/с-қа жететін жел тұруы ықтимал. 4 қарашада түнде және таңертен Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Сондай-ақ, өңірде оңтүстік-батыстан жел соғып, таңертен және күндіз Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. 4 қарашада күндіз Түркістан облысының тауларында қатты жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Сонымен бірге, аймақта жел тұрып, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.

4 қарашада күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында көктайғақ, бұрқасын, түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Сондай-ақ оңтүстік-шығыстан жел соғып, облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. 4 қарашада Петропавл қаласында да жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі ықтимал. 4 қарашада Қостанай облысының басым бөлігінде жауын-шашын, күндіз облыстың солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында тұман, бұрқасын күтіледі.

Бұдан бөлек, оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғып, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде күші 15-20, 25 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. 4 қарашада Қостанай қаласында да көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с болмақ. 4 қарашада түнде және таңертең Жамбыл облысының таулы аудандарында және Тараз қаласында тұман күтіледі. Өңірде солтүстік-шығыстан жел соғып, кейін оңтүстік-батысқа ауысып, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с-қа дейін жетеді. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді