Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда балабақшаларды лицензиялау қалай жүргізілетіні белгілі болды

Бірінші кезекте жаңадан ашылған балабақшалар лицензиялаудан өтеді. Тек содан кейін қазір жұмыс істеп тұрған мектепке дейінгі білім беретін ұйымдар лицензиялаудан өтпек. Бұл туралы Оқу-ағарту вице-министрі Шолпан Қаринова өзінің Facebook парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасаған Kazlenta.kz

"Бүгінде әлеуметтік желілерде балабақшаларды лицензиялау мәселесі белсенді талқылануда. Бірі балабақшаларды тез арада лицензиялау керек десе, енді бірі лицензиялауды енгізу мектепке дейінгі білім берумен айналысатын жеке бизнестің дамуына кедергі келтіреді деп санайды. Лицензиялау балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың жиілеуіне байланысты енгізілуде деген дұрыс емес. Мұны барлық ата-ана мен қоғам түсініп отыр. Мемлекет балабақшаларды жабу міндетін қойып отырған жоқ. Лицензиялау керісінше мемлекеттік және жеке мектепке дейінгі ұйымдардың дамуына жағдай жасайды. Тек биылғы жылы мемлекеттік қолдау шараларының арқасында 300-ден астам балабақша ашылып жатыр. Олардың жартысынан көбі жеке балабақшалар", - деп жазды вице-министр.
 
Шолпан Қаринованың мәліметінше, лицензиялау талаптары аз болады. Балабақша тарапынан педагогтердің және оқу материалдарының жеткілікті болуы, орнатылған бейнекамералар, санитариялық және өрт қауіпсіздігі нормаларының сақталуы мен меншікті немесе жалға алынған ғимараттың болуы сұралады.

"Лицензиялау кезең-кезеңмен жүзеге асырылады деп жоспарлануда. Алдымен заңдарға және басқа да актілерге өзгерістер енгізіледі. Бірінші кезекте жаңадан ашылған мектепке дейінгі ұйымдар лицензиялаудан өтеді. Яғни, жылына шамамен 200 жаңа балабақша. Содан кейін лицензиялаудан бүгінде жұмыс істеп тұрған мектепке дейінгі мекемелер өтеді. Олардың да саны аз. Жылына 10-15 балабақша. Балабақшаларға бармай-ақ, тәуекелді жағдайлар Ұлттық білім беру деректер қоры арқылы автоматтандырылған негізде анықталатын болады", - деп мәлімдеді Шолпан Қаринова.

"Балабақшалардың жұмыс істеу шарттары мемлекеттік, сондай-ақ жекеменшік балабақшаларда да бірдей болуы тиіс, өйткені, екі жерде де біздің балалар тәрбиеленеді, біздің педагогтар жұмыс істейді", - деп түйіндеді Оқу-ағарту вице-министрі. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді