Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Арменияда сауда орталығында жарылыс болып, ондаған адам қаза тапты

Армения астанасы – Еревандағы «Сурмалу» сауда орталығында болған жарылыс салдарынан қаза болғандар саны 15 адамға жетті. Бұл туралы сейсенбі күні Армения Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме жасаған kazlenta.kz.


Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында 15 адамның мәйіті табылды.


Ереванның медициналық мекемелеріне 60 зардап шегуші жүгінді, олардың 12-сі емделуде, 48-і ауруханадан шығарылды.


16 тамыз күні таңертеңгі жағдай бойынша 18 адам хабар-ошарсыз кеткен. Армения ТЖМ баспасөз хатшысы Айка Костанянның айтуынша, олардың арасында бір Ресей азаматы бар. Сондай-ақ тізімде тағы бір шетелдік, Иран азаматы бар. Қалғандары – Армения азаматтары.

Оқиға орнындағы жұмыстарға 185 құтқарушы, 20 су тасығыш, Ереван мэриясының қосымша 7 техникасы жұмылдырылды.


Армения Төтенше жағдайлар министрлігінің алдын ала мәліметі бойынша, 14 тамызда сауда орталығының пиротехникалық заттар қоймасында жойқын жарылыс болған. Өрт шығып, ғимараттың бір бөлігі опырылып құлаған. Үйінділер 8000-9000 шаршы метр аумақты алып жатыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді