Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

БАҚ: Непалдағы ұшақ апатынан аман қалғандар бар

БАҚ-та Непалда болған ұшақ апатынан аман қалғандар туралы ақпарат пайда болды. Сондай-ақ ел билігі қайғылы оқиғаның алдын ала себебін атады, деп хабарлайды ТАСС агенттігіне сілтеме жасаған kazlenta.kz

Апатқа ұшыраған лайнер бортында болған Непалдың екі азаматы ауыр халде ауруханаға жеткізілді, деп жазады ТАСС Покхара халықаралық әуежайындағы дереккөзге сілтеме жасап. Ал жергілікті My Republica басылымы аймақтық прокурор көмекшісінің мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлауынша, апат салдарынан 68 адам опат болған, олардың мәйіттері табылды. Қаза тапқан 31 адамның денесі Покхарадағы Гандаки ауруханасына жеткізілді.
РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, Непал азаматтық авиация басқармасының өкілі Гьянендра Бхул ұшақтың құлауына техникалық ақау себеп болуы мүмкін екенін айтты. Еске салайық, бұған дейін БАҚ-та лайнер бортында болған барлық 72 адамның (68 жолаушы мен 4 экипаж мүшесі) қаза тапқаны туралы ақпарат тараған болатын. Қайғылы оқиғаға байланысты Непалда қаралы күн жарияланды. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді