Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елімізде мүгедектігі бар адамдарға арналған интернат-үйлер тексеріледі

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі елдегі барлық 116 медициналық-әлеуметтік мекемеге тексеріс жүргізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы министр Тамара Дүйсенова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасаған kazlenta.kz
Еңбек министрінің айтуынша, мүгедектігі бар адамдар бар отбасылар үшін арнаулы әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылданады. Осы мақсатта әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін трансформациялау жоспарланып отыр.
"Біріншісі – барлық 116 медициналық-әлеуметтік мекемеге арнайы қызмет көрсету стандарттарының сақталуына тексеріс жүргізіледі. Олардың қорытындысы бойынша өңір әкімдерімен бірлесіп функционалдық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар қабылданады", - деді Дүйсенова министрліктің кеңейтілген алқа отырысында.
Екіншісі – сыйымдылығы аз үйлерді, әсіресе ауылдағы үйлерді қолдау және дамыту. Бүгінгі таңда осындай 20 үй жұмыс істейді, олардың базасында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетудің жан басына шаққандағы нормативтері сынақтан өткізіледі. Пилоттың қорытындысы бойынша жаңа тарифтеу жүйесі дайындалады.
Үшіншісі – құралдар немесе тауарлардың жекелеген түрлерін кезең-кезеңімен монетизациялау басталады.
"Облыс орталықтары деңгейінде қымбат және заманауи техникалық компенсаторлық құралдарға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін техникалық құралдар парктері құрылады. Жоба "Қазақстан халқына" қорының қолдауымен іске асады", - деді министр.
Төртінші қадам – мүгедектігі бар адамдарды қоғамға тез интеграциялау үшін 12 оңалту орталығын салу жоспарланып отыр.
"Биыл Семей және Кентау қалаларында оңалту орталықтары пайдалануға беріледі. Олар 1 шілдеден бастап алғашқы қызмет алушыларды қабылдайды", - деп мәлімдеді ведомство басшысы.
Сондай-ақ биыл 1 ақпаннан бастап Әлеуметтік қызметтер порталының жаңа форматы жүзеге асады. Министрдің айтуынша, порталда тауарлар мен қызметтердің параметрлері туралы толық ақпарат ұсынылады, жеткізушілерге және тауар сапасына жаңа әрі қатаң талаптар қойылады.
Бұдан бөлек, мүгедектігі бар адамдарға портал арқылы жеткізушілердің іс-әрекетіне шағымдану мүмкіндігі беріледі.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді