Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте көктайғақ салдарынан құлап, мертіккен адамдар саны күрт өсті

Шымкентте көктайғақ салдарынан құлап, дәрігерлердің көмегіне жүгінушілер саны екі есеге артты, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған kazlenta.kz
Агенттіктің мәліметінше, екі күн ішінде Шымкентте 30 сантиметрге жуық қар жауған. Аспаннан түскен ақ ұлпа қар әлі де жауып жатыр. Қалада көктайғақтан көлік қозғалысы қиындаған. Дегенмен, қазір коммуналдық сала қызметкерлері жолдарды ашу жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ көктайғақтан құлап, жарақат алған тұрғындардың қатары да артқан.
"Біздің жарақат бекетіне келіп жатқан адамдардың саны күрт өсті. Кеше және бүгін 57 адам дәрігерлердің көмегіне жүгінді. Көпшілігінің аяқ-қолы сынған. Сол үшін аса қажеттілік болмаса үйден шықпаңыздар", - дейді Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханадағы жарақат бекетінің дәрігер-травматологы Нұрлан Әбдіхалықов. 
Синоптиктердің болжамынша, Шымкентте қар 11 желтоқсанға дейін жауады. Күн райы да аязды болмақ. Қалада ауа температурасы түнде -24-26 градусқа дейін, ал күндіз -13-15 градусқа дейін төмендейді. Еске салайық, бұған дейін Шымкентте толассыз жауған қардың салдарынан екі бастырма құлап, бес көлікті басып қалғанын хабарлаған едік. Тскачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді