Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ұлыбритания соңғы он жылда болмаған ең ауыр тұмау маусымы тіркелді

Ұлыбританияда кейінгі он жылда тіркелген ең күрделі тұмау маусымы өтіп жатыр. Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекеттік хатшысы Стив Барклай мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған kazlenta.kz.

«Тұмау биылғы маусымды ерекше қиындатты. Кейінгі жылдарда болмаған тұмау маусымына тап болдық. Былтыр осы уақытта тұмаумен ауруханаға түскендер саны 50 адам болса, биыл 5100-ден асады. Тұмау ерте әрі тез басталып, қарашадан желтоқсанға дейін жеті есе көбейді», - деп атап өтті Стив Барклай британ парламентінде сөйлеген кезінде.

Оның айтуынша, тұмау эпидемиясы коронавирус пен А топты скарлатина, стрептококк сынды басқа да инфекцияларымен қатар жүріп жатыр.

«Тұмау мәселесі ковидтің орнын басты. 9 мыңнан аса адам коронавирус жұқтырып, ауруханада жатыр. Ал А тобындағы скарлатина мен стрептококктың көбеюі шұғыл жәрдем қызметіне қосымша күш түсірді», - деп атап өтті британдық Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.

Бұл жағдайды еңбекақыны көтеріп, еңбек жағдайын жақсартуды талап еткен медицина қызметкерлерінің ереуілдері тіпті қиындатып жіберді.

Стив Барклайдың медицина қызметкерлерінің мүддесін қорғайтын кәсіподақ өкілдерімен келіссөзі дүйсенбі күні сәтсіз болды.

Енді Англия мен Уэльс жедел жәрдем қызметкерлері 11 және 23 қаңтар күндері, ал олардың Солтүстік Ирландиядағы әріптестері 26 қаңтарда ереуілге шығады.

Ал Англияда медбикелер 18-19 қаңтарда пикет ұйымдастырады. Шотландиялық медиктер де жақын арада ереуіл күнін белгілейді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді