Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамаға жаңа бас бапкер тағайындалды

Мырзағали Айтжанов ресми түрде бокстан ерлер ұлттық құрамасының бас бапкері атанды, деп хабарлайды kazlenta.kz Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, ол ұлттық құраманың бас бапкері қызметінен өз еркімен кеткен Қайрат Сәтжановты алмастырып отыр. Қайрат Сәтжанов 2021 жылдың қыркүйегінен бастап Қазақстан Республикасының ерлер құрамасын басқарған еді. Осы уақыт ішінде қазақстандық боксшылар 2021 жылы Белградта өткен әлем чемпионатында бес медаль жеңіп алды, сонымен қатар 2022 жылы Амманда өткен Азия чемпионатында үздік өнер көрсетіп, екі чемпионатта да Қазақстан командалық медальдық есепте екінші орынға ие болды.
"Қазақстан бокс федерациясы Қайрат Сәтжановқа атқарған жұмысы үшін алғыс білдіре отырып, еліміздің Ұлттық командасының жаңа тәлімгері Мырзағали Айтжановқа әлем чемпионаттарында, Азия және Олимпиада ойындарында бұдан да үлкен жетістіктер тілейді", - делінген хабарламада. 
Еске сала кетейік, Мырзағали Айтжанов – Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді