Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елімізде әскери қызметшілерге еңбекақы төлеудің жүйелі тəсілдері әзірленіп жатыр

Əскери қызметшілерге еңбекақы төлеудің жүйелі тəсілдері әзірленіп жатыр. Бұл жайында Сенат депутаттарының сауалына Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған kazlenta.kz

«Үкімет Қарулы Күштердің сержанттар мен қатардағы жауынгерлер құрамы əскери қызметшілері лауазымдарының тарифтік санаттарын оларды Қарулы Күштер мекемелерінің штаттарына тиісті өзгерістер енгізе отырып, үш разрядқа арттыру жолымен көтеру мəселесін пысықтап жатыр. Одан басқа, Үкімет мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесімен ұқсас факторлық-балдық шəкіл қағидаттарын енгізу бөлігінде арнаулы жəне құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың əскери қызметшілеріне еңбекақы төлеудің жүйелі тəсілдерін дайындау бойынша жұмыс жүргізіп келеді», - деп атап өтеді Әлихан Смайылов жауабында.

Сонымен қатар, Үкімет басшысы әскери және азаматтық дәрігерлердің жалақысын теңестіруге қатысты жұмыс жүргізіліп жатқанына тоқталады.

«Әскери дəрігерлер мен азаматтық денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеудегі теңгерімсіздікті болдырмау мақсатында Үкімет əскери дəрігерлердің ақшалай үлесін азаматтық медициналық мекемелер қызметкерлерінің жалақысы деңгейіне дейін арттыру мəселесін пысықтап жатыр», - деді Премьер-Министр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді