Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қазақстанның Әскери доктринасын бекітті

Құжатты Қорғаныс министрлігі басқа күштік құрылымдармен және мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп әзірледі, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Мемлекет басшысы 2021 жылғы «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында Әскери доктринаны қайта қарау қажеттігін мәлімдеген еді. Қарулы күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды қайта форматтау туралы бірқатар тапсырмалар берген Президент қорғаныс қабілетін нығайту, қауіп-қатерлерге ден қоюдың жеделдігін арттыру мемлекеттік маңызы бар басымдықтарға айналуға тиіс екенін атап өтті. 

Құжатта әскери қауіптер мен қауіпсіздікке әсер ететін заманауи жағдайлар мен факторлар көрсетілген. Оған әскери-саяси және әскери-стратегиялық салалардағы қызметтің жаңа бағыттары, нормативтік құқықтық актілерді жүйелеу және әскери жоспарлау жүйесін енгізу шаралары енгізілген. 

Қарулы күштердің жауынгерлік әлеуетін арттыру мақсатында Арнайы операциялар күштерін дамыту және олардың басқа мемлекеттік органдардың арнайы мақсаттағы бөлімшелерімен өзара іс-қимылын кеңейту көзделген. 

Әскери доктринаның жаңа редакциясы мемлекеттің әскери қауіпсіздігі мен қорғанысын қамтамасыз ету жөніндегі көзқарасын қазіргі заманғы талаптар мен жағдайларға бейімдеуге мүмкіндік береді, сондай-ақ жаңа қатерлер мен тәуекелдерге ден қоюдағы елдің әскери әлеуетін арттырады. 

Әскери доктринаға өзгерістер енгізу туралы жарлық заңды күшіне енді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді