Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Германиялық сарапшы COVID-19 пандемиясы көктемге қарай аяқталатынын айтты

Германияда коронавирустың кезекті қауіпті нұсқасының таралуы екіталай. Ел үкіметінің коронавирусқа қарсы күрес жөніндегі сарапшылық кеңесі мүшесі, интенсивті терапия дәрігері Кристиан Карагианнидистің айтуынша, COVID-19 вирусынан қорғаныс өте жақсы жұмыс істеп тұр. Бұл туралы ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған kazlenta.kz хабарлайды.

Дәрігер COVID-19 пандемиясы 2023 жылдың көктеміне қарай аяқталады деп болжап отыр. Оның айтуынша, SARS-CoV-2 вирусының тағы бір немесе бірнеше «кішігірім толқындары» таралуы мүмкін.

«Бірақ, біз халықтың иммунитеті күшті екенін түсінеміз және біздегі интенсивті терапия бөлімшелерінде ковидпен ауыратындар айтарлықтай аз. Пандемияның біртіндеп аяқталып келе жатқанына сенемін», - деп келтірді оның сөздерін Redaktionsnetzwerk Deutschland басылымдар тобы.

Маман Германияда коронавирустың тағы бір қауіпті нұсқасының таралуы екіталай деп санайды.

«COVID-19 вирусынан қорғаныс өте жақсы жұмыс істеп жатқан сияқты, - дейді сарапшы Т-лимфоциттер мен антиденелерге негізделген иммунитет туралы айта отырып. - Ауыр сырқаттанатындар азайып келеді. Жағдай қайталанбайтын болар деген ойдамын».

Айта кетсек, Роберт Кох атындағы институт таратқан мәліметке сәйкес, 25 желтоқсандағы жағдай бойынша Германияда SARS-CoV-2 вирусы 37,21 млн адамнан расталған. Соның ішінде, 36,42 млн науқас жазылып шықты, ал 160 768 адам қайтыс болды. 24 желтоқсанға дейін Германияда COVID-19 вирусына қарсы 190,4 млн вакцина егілді. Ел тұрғындарының 76,3 пайызы толық екпе алса, 62,6 пайызына екпенің күшейткіш дозасы егілген.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады