Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мұхтар Құл-Мұхаммед Соловьевтің шоуындағы пікірлерге қатысты жауап берді

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед Ресей мемлекеттік арнасындағы Қазақстанға қатысты айтылған пікірлерге жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz

"Соловьев әлемнің көптеген елінде бұрыннан нон-грата саналатын адам болатын және қазір бүкіл жердегі санкциялық қара тізімдерде көш бастап келеді. Сондықтан ыза-кектің буынан ол елдің бәріне жармасып улы сілекейін шашып жүр. Бұрын "Россия-1" арнасында ол Алматыға бомба "тастап жіберу" туралы да айтқан болатын. Бағдарламаның қонағы - Дума депутаты Онищенко да одан қатты шошынып қалған еді. Баршаға деген жек көрушілік кесірінен ол көбінесе өзеуреп, өзі сөйлейді және бағдарламаның меймандарын жанжал мен арандатуға итермелейді. Оның бәрі тікелей эфирде және есуас кейпінде болады", - деп атап өтті комитет басшысы.

Құл-Мұхаммед ресейлік саясаттанушының айтқан сөзінен елге қатер төндіру байқалатынын атап өтті. "Ресейлік саясаттанушы Дробницкийдің "келесі мәселе Қазақстан болуы мүмкін. Өйткені ұлтшылдық үрдістері сол жерде де басталуы ықтимал" деген сөзінен біздің елімізге тікелей қатер төндіретіні анық байқалып отыр. Егер ол Еуразиялық экономикалық одақ пен ҰҚШҰ-да бізбен бірге тұрған өзімізге дос Ресейдің мемлекеттік арнасының эфирінде көрсетілмесе, дүдәмал сарапшы-фантаст Дробницкий-Жуковтың пікіріне назар аудармас едік. Ресейлік саясаткерлердің осындай екпінді, мақсатты шабуылдары Соловьевтің шоуында бұрыннан жүйелі түрде жалғасып келе жатқандықтан, олар Ресей федерациясының федералды билігі тарапынан объективті жауапқа лайық.

Қазақстан 30 жылдан астам уақыт бойы тәуелсіз мемлекет болып келеді. Соловьев пен сол секілді саясаткерлер шынайы шындықты түсініп, жаңа геосаяси ақиқатпен санасуды үйренетін уақыт келді", - деді Мұхтар Құл-Мұхаммед. Айта кетейік, бұған дейін мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов және еліміздің Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко осы мәселеге қатысты пікір білдірген еді. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты