Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Кәрім Мәсімов пен бұрынғы орынбасарларына қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшыларына қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды. Бұл туралы Бас прокуратура ресми сайтында хабарлады, деп жазады kazlenta.kz

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, қылмыстық іс Астана қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына қарау үшін жолданған.

Бас прокуратураның хабарлауынша, айыпталушылар ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Әнуар Садықұлов ҚК 175-бабының 1-бөлігі (мемлекетке опасыздық жасау), ҚК 179-бабының 3-бөлігі (билікті күшпен басып алу), ҚК 362-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы (ауыр зардаптарға әкеп соққан билік пен лауазымдық өкілеттіктерді өзіне және басқаларға пайда мен артықшылықтар алу мақсатында асыра пайдалану) бойынша;. ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Дәулет Ерғожин ҚК 179-бабының 3-бөлігі (билікті күшпен басып алу), ҚК 362-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы (ауыр зардаптарға әкеп соқтырған билік пен лауазымдық өкілеттіктерді өзіне және басқаларға пайда мен артықшылықтар алу мақсатында асыра пайдалану) бойынша; ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Марат Өсіпов, ҰҚК департаменті бастығының бұрынғы орынбасары Д.М. Акипов, ҰҚК-ның бұрынғы басқарма бастығы Н.К. Бекмұрат Қылмыстық кодекстің 362-бабының әртүрлі бөліктері бойынша айыпталуда.

Сондай-ақ Бас прокуратура қылмыстық іс "өте құпия" белгісімен тергелгенін және сотта да осы тәртіпте қаралатынын атап өтті. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады