Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Иранда шерушілерді қолдаған актриса қамауға алынды

Иранда шерушілерді қолдайтынын білдірген ең танымал актрисалардың бірі қамауға алынды. Оған елді шарпыған наразылықтар туралы "өтірік айтты" деген айып тағылды, деп хабарлайды ВВС-дің орыс қызметіне сілтеме жасаған kazlenta.kz
Айта кетейік, бұған дейін актриса Таране Алидости Иран үкіметінің елдегі тәртіпсіздіктерді басу әрекетін ашық сынап, қараша айында наразылық білдірушілерді қолдау мақсатында Instagram парақшасында хиджабсыз түскен суретін жариялаған еді. Ал өткен аптада ол Instagram-да үкіметке қарсы шеруге қатысушылардың бірінің өлім жазасына кесілгенін айыптап, пост жариялады. 38 жастағы актриса өз жазбасында халықаралық ұйымдарды өлім жазасына кесілген Мохсен Шекариге араша түспегені үшін сынға алды. Мохсен Шекари 8 желтоқсанда үкіметті қолдайтын жартылай әскери Басидж тобының мүшесіне шабуыл жасады, сондай-ақ Тегеран көшелерінің бірінде көлік қозғалысына кедергі жасады деген айыппен, дарға асылды. "Оның есімі Мохсен Шекари еді. Осы қантөгісті бақылап, ешқандай шара қолданбай отырған әрбір халықаралық ұйым – адамзатқа масқара", – деп жазды Таране Алидости.
Мемлекеттік ақпарат агенттігі IRNA-ның хабарлауынша, актрисаны осыдан кейін полиция қамауға алған, себебі ол "сөздерін дәлелдейтін ешқандай құжат" көрсете алмаған. Жақында 8 миллионнан астам оқырманы бар актрисаның Instagram аккаунты жойылған. Таране Алидости – ең үздік ирандық актрисалардың бірі. Ол 2016 жылы "Шетел тіліндегі үздік фильм" номинациясында Оскар сыйлығын жеңіп алған "Коммивояжер " фильмінде басты рөлдердің бірін сомдаған. Еске салайық, Ирандағы наразылықтар қыркүйек айында хиджабты дұрыс кимегені үшін моральдық полиция ұстаған Махса Амини есімді 22 жастағы қыздың өлімінен кейін басталған болатын. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Марат Сұлтанғазиев су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан әскерилерді марапаттады
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты