Отандық танымал дизайнер әрі блогер Айжұлдыз Адайбекова шетелге шығып, демалып қайтуды шешкен. Желі жұлдызы бұл сапарына анасы мен ұлынсыз аттанған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz
Айжұлдыз Адайбекованың өзге елге ұшып кеткені жайлы Instagram парақшасынан белгілі болды. Бойжеткен желіде жаңа суреттер жариялап, Пхукет аралдарынан сәлем жолдады. Блогер арудың сөзінше, ол бұл елге демалыстан бөлек рухани тәжірибе үшін келген. Ол ыстық мекеннен түрлі фото мен видеоларды бөлісіп, саяхаты қалай өтіп жатқанын белсенді түрде көрсетуде. "Менің өмірімде болып жатқанның бәрі маған ұнайды. Ғажайыпты өзіңе тарт", - деп жазды ол видео астына.
Айта кетейік, бұған дейін әнші әрі актриса Айгүл Иманбаеваның да Таиландта демалып жатқанын жазған болатынбыз. Бір жыл бойы тынбай еңбек еткен өнер иесі бұл демалысына әрең уақыт тапқанын айтты.
21-09-2022, 17:36
Айжұлдыз Адайбекова шетелде қалай демалып жатқанын көрсетті
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз