Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Юрий Ильин Екібастұздағы апаттан кейін кемшіліктердің барлығы қаралатынын мәлімдеді

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Екібастұздағы апат салдарын жою кезіндегі кемшіліктерді мойындады, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған kazlenta.kz


«Мемлекет басшысының жұмыстың тиісті деңгейде пысықталмағаны жайында айтқан сынымен толықтай келісемін. Біздің бөлімшелеріміздің іс-қимыл алгоритмі болашақта өзара әрекет мәселелерін тезірек шешуге ықпал етуі үшін тиісті қорытынды шығаруымыз керек. Атап айтқанда, апат салдарын жою жұмыстары ұзаққа созылмауы тиіс», - деді Юрий Ильин Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр қалалық жылу желілеріндегі апаттың салдарын жою жөніндегі жұмыстар аяқталғанша Екібастұзда болады.

Айта кетейік, 12 желтоқсанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Екібастұзда болған төтенше жағдайға қатысты тиісті ведомстволардың жұмысын сынға алған еді.

«Жақында Екібастұзда болған төтенше жағдай бұл саладағы ахуалдың қаншалықты күрделі екенін айқын көрсетті. Қызметкерлердің жауапсыздығы, бақылау жүйесінің қауқарсыздығы мыңдаған адамды жылусыз қалдырды. Жауапты қызметкерлер қысты қалыпты режимде, аман-есен өткіземіз деп есеп берген. Бірақ іс жүзінде жағдайдың қалай болып жатқанын көріп отырсыздар. Павлодар облысының әкімі өз өтінішімен қызметінен босатылды. Ал құзырлы мемлекеттік орган – Энергетика министрлігінің ешқандай әрекетін көрген жоқпыз, бұл мекеме апатқа селқос қарап, бейтараптық танытты. Сондай-ақ төтенше жағдай қызметтерінің жұмысы дұрыс жолға қойылмаған. Олар баяу қимылдап, салғырттық танытты», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты