Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Роман Скляр Екібастұздағы ПИК жұмыстарының кемшілігін айтты

Рavlodarnews.kz порталына сұхбат берген ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр пәтер иелері кооперативтері (ПИК) Екібастұздағы апаттан қорытынды жасау керектігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме жасаған kazlenta.kz


«Екібастұзда 20-30 үйді қамтитын пәтер иелерінің кооперативтері бар. Оларда санаулы ғана сантехник жұмыс істейді. Ішкі құбырлар қатып қалмас үшін суды төгу туралы команда берілгенде олардың кейбірі үлгерді, енді кейбірі жұмысты орындап үлгермеді. Ал қазір олар бұл команда уақытылы берілмегенін айтып отыр. 


Кейбір үйлерде бұл жұмысты тұрғындардың өзі істеді. Яғни, олар жертөлеге барып, суды ағызып жіберді. Мұндай үйлерді біз бір күн ішінде жылу желісіне қостық. Бірақ кейбір үйлер бойынша арнайы бригадалар барлық тоғыз қабаттағы құбырлар мен жылу радиаторларын ауыстырды. Бұл – өте ауыр еңбек», - деп тоқталды вице-премьер. Роман Скляр енді ПИК-тер төтенше жағдайдың қалай жойылғаны мен коммуналдық қызметтердің қалай әрекет еткенінен тиісті қорытынды жасауы керектігін айтты.


«Мен бұл кешендердің тұрғындарын кінәламаймын. Тек оларға тиісті қорытынды жасап, меншік иелері бірлестіктерінің немесе ПИК жұмысын реттеу қажеттігін айтамын. Әрбір үйде инженерлік желілердің жай-күйін білетін сантехник болуы керек және олар апат болған жағдайда дереу әрекет етіп, дұрыс шешім қабылдауы тиіс. ПИК-тер төтенше жағдайдың қалай жойылғанынан, коммуналдық қызметердің қалай әрекет еткенінен тиісті қорытынды жасауы керек», - деді Роман Скляр.


Сұхбат барысында вице-премьер қаладағы жағдай туралы әлеуметтік желілерде тараған жалған ақпаратқа ергендерге қатысты ойын білдірді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты