Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Президент берешегі 90 күннен асқан адамдарға қатысты жарлыққа қол қояды

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев берешегі 90 күннен кешіккен адамдарды «жаңа несиеден арашалайтын» Жарлыққа қол қоятынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме жасаған kazlenta.kz

Мемлекет басшысы тұтыну несиелерінің шамадан тыс артуына жол бермеудің маңыздылығына тоқталды.

"Өкінішке қарай, бейсаналы тұтыну елеулі теңгерімсіздіктерге әкелуі мүмкін, олардың белгілерін биыл ғана көріп отырған жоқпыз.

Бүгінде проблемалық несиелер көлемі жарты триллион теңгеге жетті. Миллионнан астам адам өз міндеттемелерін орындай алмай отыр. Олардың көбі үмітсіздіктен ескі несиені өтеу үшін жаңасын алуға мәжбүр. Сондықтан 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап «Жеке тұлғаларды оңалту және олардың банкроттығы туралы» Заң іске қосылуға тиіс", - деді Президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, кепілсіз онлайн-микрокредиттерді қатаң реттеу қажет.

«Кейбір елдерде оған толық тыйым салынған. Бұл тәжірибені зерттеу керек. 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыз алушыларды жаңа міндеттемелер қабылдаудан арашалау тетігін ойластыру қажет. Жақын арада мен тиісті Жарлыққа қол қоямын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады