Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

AMANAT партиясының төрағасы Екібастұздағы 1300 оқушы шипажайларда демалатынын мәлімдеді

AMANAT партиясының төрағасы Екібастұздағы 1300 оқушы шипажайларда демалатынын мәлімдеді

Бүгін «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының кезектен тыс конференциясы өтті. Іс-шараға партия Төрағасы Ерлан Қошанов, өңірлік саяси кеңес мүшелері, мәслихаттардағы «AMANAT» депутаттық фракциясының мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының басшылары, облыстық партия активі қатысты.

Конференция жұмысын аша отырып, «AMANAT»-тың Төрағасы алдағы сайлау науқаны кезеңіндегі партиялықтардың алдында тұрған бірқатар басым міндеттерді айқындап берді. 

"Сайлауы өзгеше саяси тәртіпте, жаңа ереже бойынша өтеді. Сондықтан сайлау кампаниясының стратегиясын қазірден дайындап алуымыз қажет. Өткен Президенттік сайлау кезінде бізге халықтан 51 мың ұсыныс пен тілек келіп түсті. Соның 3 мыңнан астамы Түркістан облысының халқынан жиналды. Тұрғындарды жалақының төмендігі, тұрғын-үй мәселесі, жұмыссыздық қатты алаңдатады. Сондықтан аталған мәселелер сайлауалды тұғырнамада көрініс табуы керек", деді партия Төрағасы.

Партия Төрағасы барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын, бастауыш партия ұйымдары мен қоғамдық қабылдау бөлмелерін азаматтардың мәселелерін шешу үшін жұмылдыру маңызды екенін атап өтті. 

«Біз өз сайлаушыларымызбен және жақтастарымызбен әрдайым тығыз байланыста болуымыз керек. «AMANAT» партиясы – ел Президентінің қоғамдық тірегі. Оның өңірлік желілері де, Мәжілістегі және барлық деңгейдегі мәслихаттардағы депутаттар саны да көп. Аманаттықтар әрқашан алдыңғы қатардан табылады», - деді Ерлан Қошанов.

Ол Екібастұздағы төтенше жағдай кезінде волонтерлер мен партия белсенділері алғашқы күннен бастап қала тұрғындарына гуманитарлық көмекті таратуға атсалысқанын атап өтті. Тұрғындарға жылытқыштар, жылы көрпелер және бірінші кезекте қажетті заттар табысталды. Екібастұздықтарға көмек көрсету жұмысы жалғасып жатыр.

«Зардап шеккен отбасылардың баспаналарында жөндеу жұмыстары басталады. Осы кезде Екібастұздағы балаларды еліміздегі, соның ішінде Түркістан облысындағы шипажайларға жіберуге де болады деп санаймын. «AMANAT» партиясы 1300-ден астам оқушының қысқы каникул уақытында елдегі демалыс кешендеріне баруына жағдай жасайды», деді Ерлан Қошанов.

Ол сондай-ақ, партиялықтар жастармен жұмыс істеуге ерекше назар аударуы тиіс екенін атап өтті. Жастар қатарына кіретін азаматтардың жасын 35 жасқа дейін ұлғайтуды көздейтін жастар саясаты туралы жаңа заң жобасын ескере отырып, бұдан былай сайлаушылардың 40%-дан астамы осы санатқа жататын болады.

Сонымен қатар, аймақтардағы аманаттықтар тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын жақсартуға бағытталған партиялық жобаларды іске асыру жұмысын күшейтуі тиіс. Олардың қатарында «Жер аманаты», «Ауыл аманаты» және т.б. жобалар бар.

Конференция барысында филиалдың жаңа төрағасы сайланды.

Осылайша, конференция жұмысына қатысқан делегаттар ашық дауыс беру арқылы Алтынсары Үмбетәлиевті «AMANAT» партиясы Түркістан облыстықфилиалының жаңа басшысы ретінде сайлады. Ол бұған дейін Шымкент университетінің «Экономика» кафедрасының профессоры қызметін атқарды. Сондай-ақ, ол экономика ғылымдарының докторы. 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді